Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 23.03.2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕР УГАНДАДА ТАЗА СУЫ БАР ҚҰДЫҚ ОРНАТТЫ
Кәсіпкер Елдос Айбеков Угандадағы Наноко ауылына құдық орнатты. Елдос Айбеков Нгали Даму Қорымен байланысып, құдық қазу туралы екіжақты келісімге қол жеткізді. Құдықты орнату үшін екі орынның бірін таңдау керек болды. Бұл Уганда немесе Кения. Талдауынан кейін, Уганданың жалпы ішкі өнімі Кенияға қарағанда 3 есе төмен екендігі айқын болды. Олар таза суға мұқтаж болған адамдар үшін құдық қазуды шешті.
Ұңғыманың құрылысы ақпан айында басталып, 12 наурызда аяқталды. Ашылу рәсімі 13 наурызда өтті, онда жергілікті тұрғындар қазақстандықтарға алғыс білдірді.
"Бізде таза суға қол жетімділік жоқ. Біз 5 шақырым жерде орналасқан өзеннен су ішеміз. Әрине, бұл таза су емес. Елдос мырзаға көп рахмет. Біз Қазақстан туралы ештеңе білмеген едік. Және бұл әрекетті ешқашан ұмытпаймыз. Енді балалардың Қазақстанды және Сіздердің көк Туларыңызды мәңгі есте сақтайтыны түсінікті", - деді, Наноко тұрғыны Соока Шариф.
Елдос Айбеков ТМД бизнес-нарығында шамамен 15 жыл жұмыс істейді. Қазіргі уақытта, ол церебральды сал ауруы бар науқастарға жалпы құны 15 миллион доллар болатын жабдықты тегін таратып берді. Сондай-ақ, ол аз қамтылған отбасыларға ай сайын азық-түлік, материалдық және қаржылық көмек көрсетеді.
барлық дауыс: 5541
дауыс мұрағаты