русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 24.03.2022

"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС-ДЕ НАУРЫЗДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

           "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де көктемгі күн мен түннің теңелу мерекесі дәстүрлі түрде, кеңінен және кең көлемде атап өтіледі. Наурыз мерекесіне орай түрлі байқаулар мен спорттық жарыстар өткізілді. Олардың ұйымдастырушысы кәсіподақ ұйымы болды.
           Кәсіпорын ұжымының нәзік жандары аспаздық қабілеті жағынан жарысты. Қыздар бесбармақ асын дайындау үшін, қамырды жаюда өз өнерлерін көрсетуі қажет еді. Бір қарағанда, қарапайым болғанымен, іс жүзінде қамырды жаю нағыз шеберлікті қажет етеді. Қазылар алқасының шешімі бойынша, бұл сайыста бірінші болып «Халықпен жұмыс жөніндегі қызметтің» инспекторы Ақмарал Сабденова және «Өндірістік-техникалық бөлімнің» маманы Мақпал Молдабаева болды.
           Қыздар үшін тағы бір сынақ, дәстүрлі мерекелік сусын – наурыз көже дайындау бойынша байқау болды. Наурыз көжеге қосылатын ингредиенттер бірдей болғанымен, оны кім дайындағанына және дәміне байланысты еді. Бұл байқауда Ең үздік көктемгі сусынды «Күрделі құрылыс бөлімінің» бас маманы Гүлжахан Дәулетбахова дайындады.
           Ұлттық киімдердің байқауы ең қызықты және бәсекеге қабілетті болды. Қазылар алқасы кімді таңдарын білмеді, себебі, олардың арасынан жеңімпазды таңдау өте қиын болды. Нәтижесінде, бірінші орынды ОДҚ диспетчері Еңлік Бердіш, екінші орынды ОКЖ маманы Үміт Әбуова және зертханашы Перизат Ботабекова бөлісті, үшінші орынды «Қоғаммен байланыс бөлімінің» қызметкері Ақжан Мамықова иеленді.
           Барлық жеңімпаздар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығынан бағалы және естелік сыйлықтармен марапатталды.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары