Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.03.2022
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕГІ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР
Наурызды тойлау - өз күшіңді, ептілігіңді және ақыл-ойыңды көрсету мүмкіндігі. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ұжымының ер азаматтары көктемгі мерекені спорттық жарыстармен қарсы алды.
Әр адам қалауына қарай, шахмат пен нарды ойындарынан өз қабілеттері мен ақыл-ой күшімен жарыса алды. Шахматта қатысушылар көп болмағанымен, нарды бойынша турнир ондаған қатысушыны тартты. Айта кететін жайт, бұл ойын ерлер арасында ғана емес, сонымен қатар, қатысушылар арасында қыз бала да болды.
Нарды бойынша «Халықпен жұмыс істеу қызметінің» инспекторы Ғани Нұрмаханов үздік атанды.
Бірақ, негізгі спорттық шайқастар өздерінің күші мен ептілігін көрсету керек жерде басталды. Қазіргі кезде ләңгі ойыны іс жүзінде ұмытылған, бірақ, әлі де есінде қалған ер азаматтардың бар екендігі дәлелденді. Жарыс барысында, ересектер мен байсалды ер адамдар балалық шақты еске алып, ептілігін көрсетуде қуанышты болды. Бұл ойында «Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің» қызметкері Талантбек Қарабаев үздік атанды.
Салмақты гірді көтеру дәстүрлі түрде көптеген қатысушыларды тартады. Кәсіпорында күштілер жеткілікті және әркім өзінің ерлігі мен ептілігін көрсеткісі келеді. 16 кг салмақты елу немесе алпыс рет көтеру, кейбір балалар үшін ешқандай қиындықтар тудырмайды. Бірақ, ең мықтысы - Абдумахмуд Керімбаев, ол гірді 75 рет көтерді.
Наурыз мерекесіне арналған спорттық жарыстар арқан тартумен аяқталды. Ең үйлесімді команда «Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика бөлімінің» жасағы болды, олар осы жарыста бірінші орынға ие болды.
барлық дауыс: 5535
дауыс мұрағаты