Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 27.03.2022
ҚАЗАҚСТАН, ГРУЗИЯ ЖӘНЕ АРМЕНИЯ ҒАЛЫМДАРЫ СУДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗЕДІ
Шымкент қаласы М.Әуезов университетінің ғалымдары халықаралық ғылыми-техникалық орталығының грантын иеленді. Грузия тарапының ұсынысы бойынша, олар Тбилисидегі И.Жавахишвили атындағы мемлекеттік университетінің әріптестерімен бірге, армян ұлттық аграрлық университеті суды тазарту және зарарсыздандыру үшін бактерицидті цеолит сүзгілерін әзірлеуде. Грузияның мамандары цеолиттерді қағаз өндірісінде пайдалану бойынша ынтымақтастықты ұсынды. Цеолит бірегей бактерицидтік қасиеттерге ие, сондықтан шетелдік ғалымдармен бірге суды тазарту және зарарсыздандыру үшін, осы минералдан сүзгілерді жасай бастады. Бірлескен жобаны Жапония қаржыландырады, сонымен қатар Жапонияда ірі цеолит кен орындары бар. Жоба аясында ғалымдар Грузия, Қазақстан және Армения кен орындары цеолиттерінің суды тазартуға және оны зарарсыздандыруға әсерін зерттейтін болады. Осылайша, үш ел ғалымдарының бірлескен ынтымақтастығы мен күш-жігері өмір беретін ылғалдың сапасы мен қауіпсіздігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты