Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.03.2022
ЖАҢАРТЫЛҒАН КОЛЛЕКТОР ҚОСЫМША КӨЛЕМДЕРМЕН КҮРЕСУДЕ
2022 жылдың наурыз айында Шымкент қаласына жауын-шашын мен қар өте көп жауды. Тиісінше, қалалық кәріз желілеріне жүктеме бірнеше есе өсті. Бұрын мұндай оқиғалар төтенше жағдайлар мен су басу қаупін тудыратын еді.
Барлық негізгі коллекторлар тазарту қондырғыларының кешеніне жақын жерде жиналады, бұл 77 камера. Одан ағынды сулар үлкен диаметрлі құбыр арқылы бір ағынмен кәріздік тазарту құрылыстарына өтеді. Өткен жылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өзінің инвестициялық бағдарламасы аясында, ескі коллекторларды ауыстыру жұмыстарын жүргізді. Жоба 2021 жылдың соңында аяқталды.
"Қала үлкеюде, ағынды сулардың көлемі өсуде және ескі коллекторлар қосымша көлемдерге төтеп бере алмауда. Әсіресе, көктем мен күзде, су тасқындары болған жағдайда. Сондықтан, инвестициялық бағдарлама аясында ескі коллекторлар ауыстырылуда. Бұл алдағы уақытта апатты жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді", - деді, " Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС бас директорының экономика және маркетинг жөніндегі орынбасары Жанатбек Тұрдалиев.
Диаметрі 1400 миллиметрлік коллекторлар, диаметрі 2000 миллиметрлік құбырларға ауыстырылды. 2022 жылдың жаңбырлы көктемі, бұл жұмыстардың өте уақтылы жүргізілгенін көрсетті. Осылайша, кәріз желілеріне деген артық жүктемеден өтуге мүмкіндік туды. Себебі, Шымкент қаласы аумағындағы нөсер ағындарының үлкен көлемі кәрізге кетеді.
"Көктем өте жаңбырлы болды, бірақ коллекторды жаңартудың арқасында, қалалық кәріз желілерінде апатты жағдайлардың саны айтарлықтай азайды. Бұрын, жауын-шашын кезінде Самал шағын аудандарында және басқа аумақтарда қиыншылықтар байқалған болатын. Енді олар жоқ", - деді, «Кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің» бастығы Мұрат Әлменов.
Сонымен қатар, кәріз желілерін бітеп тастау мәселесі әлі де бар, өйткені кейбір қала тұрғындары ірі және үлкен қоқыстарды, соның ішінде жануарлардың ішкі ағзаларын да тастауда.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты