русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 29.03.2022

СУЫҚ АУА РАЙЫ "СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС-ДЕ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАУДЫҢ СОҢҒЫ БӨЛІГІНЕ КЕДЕРГІ БОЛА АЛМАДЫ

           Кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымы мереке алдында өткен жарыстардың жеңімпаздарын атап өтті. Соңғы рәсімнің басында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, бас инженері Рахымжан Шамсутдинов әріптестерін мерекемен құттықтап, барлығына мықты денсаулық пен табыс, алдағы жылға жақсы жоспарлау тіледі.
           «Үздік Ұлттық киім» үшін марапаттарды кәсіпорынның сұлулары алды. Бірінші орынды Орталық диспечерлік қызметнің диспетчері Еңлік Бердіш жеңіп алса, екінші орынды Өндірістік техникалық бөлімінің маманы Үміт Әбуова мен зертханашы Перизат Ботабекова бөлісті, үшінші орынды Кеңсе басшысы Бану Адельжанова мен Қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Ақжан Мамықова иеленді.
           Тестті үздік дайындағаны үшін, Халықпен жұмыс жөніндегі қызметтің инспекторы Ақмарал Сабденова және Өндірістік-техникалық бөлімнің маманы Мақпал Молдабаева марапатталды.
           Ең үздік әрі қарапайым наурыз көже жарысында Күрделі құрылыс және өндірістік-техникалық бөлімнің біріккен командасы жеңіске жетті, екінші орынды Орталық диспетчерлік қызмет пен Зертхана, ал үшінші орынды - Кеңсе, Заңды тұлғалармен жұмыс істеу бөлімі және Халықпен жұмыс істеу қызметі бөлісті.
           Спорттық жарыстарға қатысқан ер адамдар да өз марапаттарын алды. Шахматта Су өлшеу шеберханасының қызметкері Абил Қанат, ал нарды ойынында Халықпен жұмыс істеу қызметінің инспекторы Ғани Нұрмаханов үздік ойыншы атанды.  Салмақты көтерудегі ең мықтысы Заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің инспекторы Абдумахмуд Керімбаев болды, ол гірді 75 рет көтерді. Арқан тартуда Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика бөлімінің командасы бірінші болды, екінші орынды Заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің, үшінші Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкерлері алды. Ляңгі ойынынан Әкімшілік-шаруашылық бөліміндегі Талантбек Қарабаев үздік атанды.
           Марапаттарды тапсырғаннан кейін, шағын концерт өтті. Ауа райы жайлы болмаса да, мерекелік іс-шараларды өткізуге кедергі бола алмады!


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары