Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 29.03.2022
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ КЕШЕНІН КЕҢЕЙТУІ ҚАЖЕТ
Қазіргі уақытта, жұмыс істеп тұрған қалалық тазарту құрылыстары тәулігіне 150 мың текше метр сарқынды суды өңдейді, яғни толық қуатында жұмыс істейді. Әсіресе, қазір - көктемде, тәулік сайын 160-170 мың текше метр ағынды сулар ғана емес, еріген қар мен жаңбыр суы да түседі.
Жалпы, кәріздік сарқынды суларды тұрақты өңдеуді қамтамасыз ету үшін, тәулігіне кемінде 50 мың текше метр сарқынды суға қосымша қуат қажет.
"Шымкент қаласын дамытудың бекітілген Бас жоспарына сәйкес Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде жалпы халық саны 80 000 адам болатын "Шымкент Сити" кешенінде және Тұран шағын ауданында көпқабатты үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр" – деді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС Күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Бұлан Тұрлыбеков.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де тиісті жоба әзірленді, өйткені уақыт күтпейді, қала қарқынды өсуде.
"Бүгінгі таңда қалалық тазарту қондырғыларының қуатын тағы 50 мың м3/сағатқа арттыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, яғни тәулігіне 200 мың м3 болады және жақын арада жұмыс жобасына ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін "Мемсараптама" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберілетін болады", - деді Бұлан Тұрлыбеков.
Жауын-шашын кезінде тазарту құрылыс кешеніне балшық, лай түрінде қосымша жүктеме алатындығын және оны құмнан бөліп алу өте қиын екенін ескеру қажет. Бұл фактор кешенге қауіп төндіреді, сондықтан, қала билігі нөсер кәрізі мәселесін шешуі керек.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты