русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 31.03.2022

ҮЙ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАЛАРЫ "SMART-MAMAN" ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ ЖАСАДЫ

           "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де тоқсан сайын қоғамшылдар үшін ақпараттық турлар өткізіледі, оның барысында қала тұрғындары кәсіпорын қызметімен танысады. Бұл жолы үй және көше комитеттерінің төрағаларына "Smart-Maman"оқу орталығы көрсетілді.
           Үй комитеті төрағаларына алған теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге болатын мамандандырылған ғылыми сынақ зертханасы көрсетілді. Зертханада бірнеше заманауи сынақ стендтері, су шаруашылығы саласының қызметкерлерін оқытуға арналған басқа да заманауи жабдықтар бар. Жұмысшы персоналына – слесарьларға, сорғы жабдықтарының шеберлеріне және газ-электрмен дәнекерлеушілерге арналған практикалық сабақтар сыныптары бар.
           "Бізді экскурсияға шақырды, жаңа зертханамен таныстырды, жабдықты көрдік, сұрақтар қоя алдық. Өзім «Бұл бізге неге қажет» деп сұрадым? Олар маған «Мұның бәрі жаңа қабылданған жұмысшылар үшін де, біліктілігін арттыратын қызметкерлер үшін де қажет» екені айтылды. Бұл тамаша ой! Теория мен практиканы бірге біріктіру! Мен сіздердің кәсіпорындарыңыз осындай маңызды зертхана ашады деп ойламадым", - деп, 18 шағын ауданындағы № 79 үйдің үй комитеті төрағасы Гүлзада Алдабергенова өз ойымен бөлісті.
           "Оқу орталығы 2019 жылы құрылды, өйткені еңбек нарығында білікті кадрлардың жетіспеушілігі проблемасы бар. Жастар қандай да бір себептермен осы мамандықтарға барғысы келмейді. Сондықтан, басты міндет – "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру. Сонымен қатар, колледждер мен жоғары оқу орындарының шәкірттерін оқуға тартамыз", - деді қонақтарға "Smart-Maman" оқу орталығының жетекшісі Сәлима Бахтагалиева.
           Айта кетейік, "Smart-Maman" оқу орталығының базасында Қазақстанның барлық аймақтарынан Су шаруашылығы саласының қызметкерлерін оқыту жоспарлануда. Оқыту бағдарламасын Еуроодақ мамандары, Қазақстан су арналарының қауымдастығы және оқу орталығының өкілдері әзірлеген. Сапалы білім беру үшін, қажетті материалдық-техникалық база мен оқытушылар құрамы бар.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары