русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 01.04.2022

ТЕЛЕДИДАРДА КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АЙТАМЫЗ

           "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорының орынбасары Бекжан Ешімбетов "Отырар" телеарнасының тікелей эфирінде сөз сөйледі. Трансляция барысында кәсіпорын қызметіне қатысты бірнеше сұрақтар келіп түсті және осы фактілер бойынша тексерулер жүргізілді.
           Бекжан Ешімбетов су құбыры желілерін пайдалануға жауапты, сондықтан оның сөйлеген сөзі осы салаға қатысты болды. Қазіргі уақытта, кәсіпорын қалаға су берудің жазғы режиміне көшуге дайындалуда. Тиісті шаралар өткізілуде, өйткені қыста және жазда тұтыну деңгейі әр түрлі болады.
           Бас директордың орынбасары, асфальт зауыты жұмыс істемей тұрған кезде және жол жабынын қалпына келтіру мүмкін болмаған кезде, күзгі-қысқы кезеңде (желілерде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін) жолдардың бұзылған учаскелерін асфальттау алгоритмдері туралы айтып берді. Қазір ауа-райы тұрақтанды және кәсіпорын бұзылған учаскелерді асфальттауды алдағы дүйсенбіден бастайды, кесте жасалды, сондықтан бәрі ретке келтіріледі.
           Бекжан Пердебайұлы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жауапкершілік аймағы көп қабатты үйдің сыртқы қабырғасында аяқталатынын, ал жертөле үй тұрғындарының ортақ меншігі болып табылатынын атап өтті. Авариялық жағдайлардың алдын-алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, тұрғындар (немесе олар уәкілеттік берген орган) дилерлік компаниялармен техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасуына болады. Бірақ, ірі апаттар болған жағдайда кәсіпорын әрқашан көмекке келеді.
           Тікелей эфир кезінде, телефон арқылы қала тұрғындарынан бірнеше өтініштер келіп түсті, олардың барлығы тексеріліп, тиісті шаралар қабылданды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты жоқ бірқатар сұрақтар да болды. Мысалы, «Ынтымақ-2 шағын ауданына құбыр тарту» сұрақтары. Бұл мәселелер бойынша жауап алу үшін, «Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасына» хабарласу қажет.
           "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, сіздер кәсіпорынның әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына немесе «whatsapp» арқылы хабарласа аласыздар: +77057581111.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары