русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 03.04.2022

ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ТҰТЫНУШЫНЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚЫЗМЕТІНЕН АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ? БҰЛ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚОЯТЫН ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРДЫҢ БІРІ

           Сумен жабдықтау қызметтерін ажырату (авариялық жағдайларды және жоспарлы жөндеулерді қоспағанда) екі жағдайда жүргізіледі.
           Біріншісі - есептік кезең басталғаннан бастап, екі айдан астам тұтынылған «Сумен жабдықтау және су бұрудың қызметтері» үшін төлемдер болмаған жағдайда. Әдетте, инспектор-бақылаушы төлем жасау қажеттілігі туралы ескертеді. Егер тұтынушы бұл талаптарды елемейтін болса, онда қызмет өшіріледі. Ал егер сотқа дейін реттеу жүргізілмесе, материал сот инстанцияларына беріледі.
           Екіншісі - ерікті негізде өшіру. Мысалы, пәтер иелері ұзақ уақытқа үйден кететін болса, құбырдың жарылуы мен судың ағып кетуінен қорыққан жағдайда. Бұл жағдайда олар «Сумен жабдықтау қызметтерін» уақытша тоқтата тұру туралы өтініш жазады.
           Кейде жалға берушілер, үйді жалға алған ұқыпсыз тұрғындардың кесірінен суды өшіруді сұрайды. Ол үшін жалға берушілер өтініш жазып, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
           Назар аударыңыздар, суды қайта қосатын жағдайда, дилерлік учаскенің өкіліне "Сумен жабдықтауды ажырату-қосу" қызметі үшін төлем жасау қажет, оның құны 1446 теңгені құрайды.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары