Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.04.2022
КӘРІЗДЕГІ ТЫҒЫН
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС пайдалану қызметтері қалалықтардың өтініштеріне әрдайым жедел әрекет етеді және су құбыры мен кәріз желілерінде қатысты туындайтын проблемаларды қысқа мерзімде түзетеді. Бірақ, бәрі де әрқашан жөндеу бригадаларына байланысты емес.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметіне Дулати және Төреқұлов көшелерінің қиылысындағы кәріз коллекторының бітелуі туралы бірнеше хабарлама келіп түсті. Кәріз желілеріне қызмет көрсетумен айналысатын бөлім асфальт жабынын ашу және жиі бітелудің себебінің неде екенін анықтау үшін, қажетті рұқсаттар мен келісімдерді алды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, диаметрі 250 миллиметр коллектордың бойында инженерлік коммуникация – диаметрі 100 миллиметрге жуық пластикалық құбыр салынғаны анықталды. Болжам - бұл газ коммуникациясы. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімінің өкілі қалалық коммуналдық қызметтерге тиісті сұраныстар жіберді. Оқиға полицияда тіркеліп, акт жасалды. Қазіргі уақытта сот процестері жүргізілуде.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты