русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 06.04.2022

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ

           Қызылордада орталықтандырылған арық жүйесі жоқ. Жеке сектордағы тұрғындар бау-бақшаны краннан суарып келеді.
Осы уақытқа дейін, орталықтандырылған арық жүйесін қалпына келтіріп және оған Сырдариядан су беру жөніндегі жобалар кейінге қалдырылып отырған. Қазірде, Сырдарияда су жоқ. Қызылорда тұрған оң жағалаудағы өзен суының азаюы, бірнеше жылдан бері байқалып келеді.
           Мамандар Қызылорда қаласының түрлі бөліктерінде зерттеу жүргізіп, 24 ұңғыманы бұрғылауға жобалық-сметалық құжаттама дайындады. Жобаның құны-шамамен 3 млрд теңге болады. Бір ұңғыманың тереңдігі шамамен 60 метр. Наурыз айында қаланың орталық бөлігінде 10 ұңғыма, Сырдарияның сол жағалауында 2 ұңғыма, жаңа шағын ауданда, сондай-ақ қала маңындағы ауылдарда 2 ұңғыма бұрғыланды. Қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Осы 10 ұңғымадан су қолданыстағы каналдар мен арықтарға берілетін болады. Жұмыс істемейтін, қалпына келтіруді қажет ететін арықтар үшін, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары