Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 07.04.2022
БИЫЛ ҚҰРСАЙЛЫҚТАР САПАЛЫ СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ
Шымкент қаласында 2021 жылы ауызсумен қамту үшін 3 магистралды су жанағыштары мен 10 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген. Ауызсу мәселесі түбегейлі шешімін тапқан елді мекендер: Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле және Нұртас шағын аудандары. Нәтижесінде, сапалы сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан 98 пайызға жетті.
Қазірде, қаладағы 81 елді мекеннің 78-і ауызсумен толық қамтылған, Құрсай, Сайрам және Қайнарбұлақ тұрғын алабына су кестемен беріледі.
Биыл кестемен су алып отырған елді мекендер мен Нұртас су жинағыш магистралының құрылысы басталады. Жыл соңына дейін Құрсай мен оның жаңақұрылыс аумағы ауызсумен қамтылуы жоспарланып отыр.
Ал, Сайрам мен Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен Асар 2-нің жаңақұрылысының сумен қамтылуы келер жылға қалып отыр. Алдағы жылдың жоспары бойынша, 3 магистралды су жанағыштары салынып, қолданысқа берледі. Нәтижесінде, 2023 жылы Шымкент қаласының ауызсумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.
барлық дауыс: 5637
дауыс мұрағаты