русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 10.04.2022

АСФАЛЬТТАУ БАСТАЛДЫ

           "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жол жабынын қалпына келтіру бөлімшесі су құбыры және кәріз желілерінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген орындарды асфальттауды бастады.
           Күзгі-қысқы кезеңде жөндеу жұмыстарынан кейін бірден асфальт төсеу техникалық мүмкін емес, себебі, ауа-райы жағдайлары қолайсыз болады. Бірақ, апаттың орны туралы барлық мәліметтер арнайы картотекаға енгізіліп, кесте жасалады. Күннің жылуымен және асфальт зауытының іске қосылуымен жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталуда.
           Кәсіпорында арнайы техника – "КамАЗ" базасындағы "Бастион" кешені бар, оған қажетті жабдық пен техника, сондай-ақ даярланған жұмысшылар кіреді. Бұзылған учаскелерді асфальттау сәуір айының басында басталған болатын және барлық проблемалық учаскелер ретке келтіріледі. Сонымен қатар, жұмыстар кезең-кезеңмен, қатаң кесте бойынша жүргізіліп жатқанын түсіну қажет.
           Егер авариялық-қалпына келтіруден кейін, асфальтталмаған жол учаскелеріне немесе тротуарларға шағымыңыз болса, сіздер "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық диспетчерлік қызметіне +7 708 110 2121 телефоны бойынша хабарласа аласыздар немесе кәсіпорынның әлеуметтік желілердегі аккаунттарына және +7 705 758 1111 «whatsapp» нөміріне жаза аласыздар.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары