Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 11.04.2022
КРАННАН СУМЕН БІРГЕ ҚҰРТТАР ШЫҒУДА
Алматы облысы Қырғауылды ауылы тұрғындарының үйлеріндегі тікелей орталықтандырылған су құбырынан сумен бірге құрттар шығуда. Ішектің жүйелі бұзылуы, тері бөртпесі, герпес және басқа аурулар ауыз судың кесірінен пайда бола бастады, ал жаңбырлы маусымда краннан кір су ағады. Себебі, жеткізуші оны кәдімгі арықтан алып, тұтынушыларға тазартусыз беруде. Жергілікті тұрғындар ауылдық округ әкімдігіне бірнеше рет шағымданды, бірақ мәселе үш жылдан бері шешілмей келеді.
Жеткізушімен сумен жабдықтау туралы шарт жасасқан сәтте су таза болған. Бірақ, 2020 жылдан 200-ден астам үйдің тұрғындарына арықтан су беріле бастаған. Электр сорғының көмегімен оны резервуарға айдап, сол жерден ол сүзгілеусіз және хлорсыз желілер арқылы жіберіліп отыр. Ал тұтынушылар әрбір текше метр су үшін 350 теңгеден төлеуде. Кейбір тұрғындар суға тапсырыс беріп алдыруда және апта сайын 7 мың шығады.
Қазіргі таңда, Қырғауылды және Жаңатұрмыс кенттері үшін екі су қоймасы мен тазарту құрылыстары салынуда. Су қоймаларының құрылысы аяқталғанша тұрғындардың күтуіне тура келеді.
барлық дауыс: 5688
дауыс мұрағаты