Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 13.04.2022
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында кезекті дөңгелек үстел «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-де өтті.
Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова мен Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бас маманы Б.Абдукаримов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның жауапкершілігі бойынша ақпарат берді.
Сонымен қатар, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеансті енгізу бойынша міндет заңнамалық деңгейде енгізілгендігі және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейтіндігі айтылды.
Жиын соңында кәсіпорын сұрақтарына жауап беріліп, жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты