Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 13.04.2022
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 45 ҚАЛАСЫНДА ЭКОЛОГИЯ НАШАРЛАУДА
Қалалардағы экологияның нашарлауы адамдардың өмір сүру сапасы мен жағдайларына теріс әсер етеді. Экологтар қалаларда атмосфераның ластануының жоғары деңгейі өлім-жітім динамикасын жылына орта есеппен 2%-ға арттыратынын атап өтті. Ал үш жыл ішінде қатерлі ісіктері бар науқастар саны 14%-ға өсті. Әсіресе, 45 өнеркәсіптік қалада жағдай нашарлауда.
Қазақстан Париж келісімін ратификациялап, 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқартуға міндеттенді. Есепті кезеңде нысаналы индикаторлардың орындалмауына байланысты, экология мәселелері бойынша "Жол карталары" пысықталып, нақтылануы және барлық іс-шаралар нәтижелі іске асырылуы тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Доктринасымен жұмыс істеуде. Бұл құжат біздің еліміздегі табиғат пен климатқа ұқыпты қараудың негізі болуға тиіс.
барлық дауыс: 5117
дауыс мұрағаты