Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 14.04.2022
КӨМЕК ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады, ораза 30 күнге созылады, ал 2 мамырда мұсылмандар Ораза айт мерекесін қарсы алады.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де көптеген қызметкерлер өздерінің қызметтік міндеттерін атқара отырып, ораза ұстауда. Кәсіподақ ұйымы мен кәсіпорын әкімшілігі бұл адамдарға қолдау көрсетуді ұйғарды. Жұма күнгі ауызашарды өткізу үшін, олар ораза уақытында тұтынатын қажет азық-түлік жиынтықтарын алды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры Анарбек Орман оларға қолдау білдіріп, жылы лебізін білдірді.
"Біз, мұсылман қауымы, 5 парызымыздың бірін орындап жатырмыз. Бүгін жұма - қасиетті күн. Ораза - бұл ежелден, біздің ата-бабаларымыздан, мұсылман қауымдастығынан келе жатқан тәртіп, әдеп. Әрбір мұсылман өзін-өзі қадірлеу қажет. Ал қадірлі болу үшін, білімді, мәдениетті, әдепті, кешірімді, мейірімді және қайырымды болу керек", – деп атап өтті Анарбек Оңғарұлы.
"Қасиетті Рамазан айында игі істер жасап, бір-біріне қолдау көрсету дәстүрге айналған. Кәсіподақ ұйымы мен "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы ораза ұстаған әріптестеріне шағын қолдау көрсетуді ұйғарды. Осы айда, біз адамдарға материалдық көмек көрсетілетін тағы да бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді кәсіпорынның кәсіподақ ұйымының басшысы Гүлнұр Сүйіндікова.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты