Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 14.04.2022
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АҚЖІГІТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ
Ақжігіт ауыл тұрғындарының саны 2523 адамды құрайды. Негізгі тіршілік көзі - ауыл шаруашылығы. Осы уақытқа дейін халықты сумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болды. Өткен жылы бұл жобаға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, жұмыс басталды. Бұл жоба мерзімінде аяқталып, сумен жабдықтаудың жаңа жүйесі тұрғындардың игілігіне берілетін болады.
2012 жылы "Ақбұлақ" бағдарламасы аясында ауылдың жартысы ауыз сумен қамтылды. Ал ағымдағы жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Ақжігіт-Майлы"су құбырының құрылысы бойынша жұмыстардың 2 кезеңі аяқталды. Су жүйесінің жалпы ұзындығы - 11 шақырым. Қазіргі уақытта, су шаруашылығын жүргізетін "Қазсушар" РМК құбыр жүйесін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жұмысты қабылдағаннан кейін, су су құбырына жіберіледі.
барлық дауыс: 5168
дауыс мұрағаты