русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 20.04.2022

ШЫМКЕНТТЕ АҚЫЛДЫ СУ ӨЛШЕГІШТЕРДІ ОРНАТУ ЖОСПАРЛАНУДА

           "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС сумен жабдықтау және су бұру саласына цифрлық технологияларды белсенді түрде ілгерілетуде. Бұл жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі - қашықтан басқарылатын су есептегіштерін енгізу. Жақын арада Шымкентте сумен жабдықтау қызметін тұтынушылар үшін ақылды смарт-есептегіштерді орнату жоспарлануда.
            20 сәуірде "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де Қытайдан келген соңғы буындағы суды есептеу құралдарын жеткізушілермен және «Beeline Қазақстан» мобильді байланыс операторының өкілдерімен кәсіпорын басшылығының кездесуі өтті.
           "GoldCard Smart Group" компаниясының сату жөніндегі директоры Инь Цзе "ақылды қала" тұжырымдамасына сай келетін есептеу құралдарын дайындайтын кәсіпорынның қызметі туралы айтып берді. Қазіргі уақытта, бұл компания әлемнің 40 елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар. Шымкентте "GoldCard" өндірісінің 75 мың газ есептегіш құралы орнатылған. Енді "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен NB-IoT байланыс технологиясы бойынша жұмыс істейтін ультрадыбыстық су есептеу құралдарын енгізу туралы келіссөздер жүргізілуде. "Қазақстанда сіздер NB-IoT байланысын, клапанмен басқарылатын деректерді қашықтықтан берумен және басқа да пайдалы опциялармен пайдаланатын алғашқы су арнасысыздар. Осы интернет заттар арқылы, сіздер өз тұтынушыларыңыз үшін, қолайлы қосымша жағдайлар жасайсыздар. Ал бұл үлкен жетістік", - деп санайды, "GoldCard Smart Group" компаниясының сату жөніндегі директоры Инь Цзе.
           Жаңа типтегі су есептегіш құралдарының берік жұмыс жасауы үшін, тұрақты сигнал қажет. Өйткені, есептегіштер көбінесе жертөлелер мен құдықтарға орнатылады. «Beeline Қазақстан» өкілдерінің коммуналдық кәсіпорындармен жұмыс істеу тәжірибесі бар. Атап айтқанда, Шымкентте олар газ есептеу құрылғыларынан сигнал беруді қамтамасыз етеді. Сондықтан, олар көрсеткіштерді қашықтан алатын суды есепке алу құралдарының тұрақты жұмыс істеуі үшін қажеттінің бәрін жасауға дайын.
           "Иә, басында "Қазтрансгаздан" сигналдың жоқтығына өтінімдер келіп түскен болатын. Бірақ жарты жыл ішінде біз проблемаларды шешіп, сигналды 97% қамту көрсеткішіне қол жеткіздік. Яғни, таралуы өте жоғары. Біз бір орында тұрмаймыз",- деп мәлімдеді, "КАР-ТЕЛ " ЖШС (Beeline Қазақстан) компаниясының Корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы Михаил Цой.
            Деректерді қашықтан алу, смарт-құрылғылардың арзандығы мен сапасы оларға керемет перспектива береді. Кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орман болашақта оларды кең ауқымда, әсіресе жаңа көп қабатты үйлер салу кезінде қолдану керек деп санайды.
            Пилоттық жоба барысында қытайлық серіктестер сынақтар мен өлшеулер жүргізу үшін бірнеше жаңа су есептегіш құралдарын ұсынды. Пайдалану кезінде, ақылды құрылғылар өздерін жақсы көрсетті. Қазірде "GoldCard Smart Group" компаниясымен келіссөздер жалғасуда.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары