Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 21.04.2022
КӘРІЗДЕГІ ҚАН
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің жұмыскерлері қалалық кәріз желісіне жануарлардың қанын ағызу фактісін анықтады. Қанды ағындар Дулати көшесімен өтетін коллекторда табылды. Сонымен қатар, пайдалану ережелерінде кәріз жүйесіне қанды төгуге тыйым салынады. Және де, жеке ет комбинаттарының иелері жануарлардың қалдықтарын арнайы тәсілмен, арнайы жерлерге төгуі қажет.
Кәріздегі қан, тазарту қондырғыларының кешеніне түседі. Соның ішінде биогаз қондырғысына, онда метан өндіру үшін елеулі қиыншылықтар туғызады. Құнды жабдықтың істен шығу және ауыр салдары бар газдың шығу қаупі бар.
Бұл мал сою пунктері иелерінің кәрізді дұрыс пайдаланбау оқиғасы алғашқы жағдай емес. Бейінді мемлекеттік органдар жеке мал сою орындарына тексеру жүргізіп, олардың қызметінің заңдылығын, әсіресе, жануар қалдықтарының жоюын бақылауы қажет.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі кәрізге қан төккен кінәлі тұлғаларға, шағым түсіретінін ескертеді.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты