Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 25.04.2022
ҚАЛА ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА К. ЦЕТКИН КӨШЕСІНДЕГІ ЖАҒЫМСЫЗ ИІС МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ
Кәрізден шыққан жағымсыз иіс К.Цеткин көшесінің тұрғындарына үлкен қолайсыздықтар туғызуда. Кезекті өршу сәуір айының басында басталып, Еңбекші ауданы әкімінің халықпен кездесуінде осы өткір мәселе көтерілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Александр Малахов жауап берді.
Ол биліктің бұл мәселе жайында білетіндігін және оны шешу үшін қажетті шаралар қабылдап жатқанын айта кетті. Атап айтқанда, құрамында спирті бар өнімдер шығаратын кәсіпорындарды санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау тарапынан жоспардан тыс тексеру тағайындалды. Тексеру осы аптада басталады және нәтижелері жұртшылыққа ұсынылады.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері өз тарапынан осы көшеде орналасқан Орталық коллектордағы құдықтарға зерттеу жүргізді. Жұмыс жасамай тұрған кәсіпорыннан қалалық желіге ойық жасалғаны анықталды. Кәрізге жағымсыз иісі бар қалдықтар жіберіліп отырған. Бұл ойық қазірде бұғатталды.
2021 жылдың көктемінде белгісіз адамдар қалалық кәріз желісіне, мұнай химиясы өнімдерін ағызған. Өткір жағымсыз иіс қаланың оңтүстік-шығыс бөлігі тұрғындарының наразылығын тудырды. Бұдан басқа, тазарту құрылыстарының кешеніне залал келтірілді. Алайда, бұл оқиғаға кінәлі адамдарды анықтай алмады.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты