Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 26.04.2022
МАРЖАН РИФТЕРІН САҚТАУДЫҢ ЖАҢА БАСТАМАСЫ ТУРАЛЫ
Маржан рифтері жарты миллионнан астам шаршы шақырымды алқапты алып жатыр. Рифтер көміртегі шығарындыларын сіңіруде маңызды рөл атқарады және жағалауды дауыл мен эрозиядан қорғайды.
Маржан рифтерінің жай-күйі туралы соңғы мәліметтер үлкен алаңдаушылықты тудырады. Рифтер соңғы кездері тез түссізденуде. Ластау, шамадан көп балық аулау және олардың тіршілік ету ортасын жою, Маржан рифтеріе үлкен қауіп төндіреді. Егер мұндай үрдіс жалғаса берсе, осы ғасырдың аяғында барлық рифтер жоғалып кетуі мүмкін.
ЮНЕСКО осы бірегей экожүйелерді қорғау үшін ресурстарды жұмылдыруда. ЮНЕСКО мен Маржан рифтерін қорғау және сақтау жөніндегі жаһандық қор арасындағы серіктестік, рифтердегі климаттың өзгеруіне бейімделу стратегиясына инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Серіктестер дамушы елдерде орналасқан 29 рифтің 19-ын қолдау басымдықтарын анықтау мүмкіндіктерін зерттейді.
барлық дауыс: 5542
дауыс мұрағаты