Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 25.04.2022
19 ҰҢҒЫМАДА СУДЫҢ ҚАТТЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ЖОҒАРЫЛАУЫ АНЫҚТАЛДЫ
Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық мониторингі барысында, бактериологиялық көрсеткіштерге 1858 ауыз су сынамасы зерттелді, 22 нормаға сәйкес келмеді. Санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 1391 сынама зерттелді, жалпы қаттылық бойынша 53 сынама сәйкес келмеді. Жалпы қаттылық пен минералдану бойынша табиғи асып кету тіркелген 19 ұңғымалық су жинағышта суды тазарту жүйелерін орнату талап етіледі.
Облыстың 636 елді-мекенінің 357-сі су құбыры суын, 263-і орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен, 16-сы тасымал суды пайдаланады. Қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету жалпы 88%-ды құрайды.
барлық дауыс: 5106
дауыс мұрағаты