Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 28.04.2022
СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ " ЖШС-ГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-де "Кадыр туні" қарсаңында шағын қайырымдылық акциясы өткізілді. Кәсіпорынның бірқатар аз қамтылған отбасылы қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетілді.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі кәсіподақ ұйымымен бірлесіп, көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін әлеуметтік пакеттер дайындады. Біз осындай акцияларды ай сайын өткізуге тырысамыз, қолымыздан келгенше көмек көрсетуді ұмытпаймыз. Рамазан айында біздің кәсіпорынның ұжымы пітір-садақаларын және қайырымдылықтарын жинап, мұқтаж отбасыларға таратып берді, - деді, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәсіподақ ұйымының басшысы Гүлнұр Сүйіндікова.
Кәсіпорынның бас директоры Анарбек Орман, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің жетістіктері, халыққа көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы, бұл бүкіл ұжымның еңбегі екенін үнемі атап көрсетеді.
"Ұжыммен ақылдаса отырып, біз сіздерге аздаған көмек көрсетуді шештік - осыны қабыл алыңыздар. Аауырмаңыздар, дендеріңіз сау болсын. Балаларыңыз өсіп, Алла сіздерге ұзақ өмір берсін. Жұмыстарыңыз жемісті болсын. Біздің кәсіпорын сіздердің еңбектеріңіздің арқасында табысқа жетуде", - деп, Анрабек Орман қатысушыларға үндеу тастады.
Әлеуметтік пакеттерді кәсіпорынның әртүрлі бөлімдері мен бөлімшелерінен 26 қызметкер алды.
"Бүгін қасиетті Рамазан айында кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы бірлесіп, қызметкерлерге материалдық көмек көрсетті. Бізге көңіл бөлгеніңіз үшін үлкен рахмет, үлкен алғысымды білдіргім келеді!",- деді, дилерлік учаскенің инженері Нұршат Айтбаева.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС кәсіподақ ұйымы аз қамтылған отбасылармен және еңбек ардагерлерімен тұрақты жұмыс жүргізеді. Алдағы уақытта тағы бірнеше қайырымдылық акцияларын өткізу жоспарланып отыр.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты