Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 02.05.2022
СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНДАҒЫ АҒЫН СУЫНАН ІШЕК ТАЯҚШАСЫНЫҢ БАКТЕРИЯЛАРЫ ТАБЫЛДЫ
Қорғалжын ауданында су тасқынынан кейін ауыз судан ішек таяқшасының бактериялары табылды. Ақмола облысы бойынша ҰСО зертханасында су құбыры суы тексерілді.
152 сынама зерттеліп, оның ішінде 22 сынама бактериологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. 203 су сынамасы санитарлық-химиялық көрсеткіштерге зерттелді, 30 сынама шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары болды. Ең үлкен пайызы Қорғалжын ауданына тиесілі, онда жалпы колиформды бактериялар және жалпы микробтық сан анықталған. Ауыз судың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, профилактикалық тазалау және дезинфекциялау жүргізу қажет.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты