Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.05.2022
"СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ" ЖШС 2021 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ
Жылдың қаржылық қорытындылары, инвестициялық бағдарлама шеңберінде қаражатты пайдалану туралы есеп беру жиналысы 29 сәуірде өтті. Жиналысқа көше және үй комитеттерінің төрағалары, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды бақылау департаментінің Шымкент қаласы бойынша өкілдері шақырылды.
Кәсіпорынның бас директоры Анарабек Орман 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы айтып берді. Бұл-өндірістік қуаттарды жаңғырту, су құбыры және кәріз желілерін ауыстыру және қайта жаңарту, цифрландыру және тұтынушылармен жұмысты күшейту. Қала тұрғындары сапалы ауыз суды үздіксіз алып отырды, бұл кәсіпорын жұмысының басты көрсеткіші және 2022 жылы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС ұжымы осы бағытта жұмыстарын жалғастыратын болады.
Есеп беру барысында бірқатар маңызды мәселелер көтерілді, олар кәріз желілеріне, нөсер ағындарына, суды есепке алу аспаптарын орнатуға қатысты болды. Кәсіпорынның бас директоры барлық сұрақтарға толық жауап берді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС тікелей қызметіне кірмейтін мәселелерді қалалық мәслихат депутаттары бақылауға алды.
Жылдық есептің толық нұсқасын "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан көруге болады, есеп «wrm.kz» Ресми сайтында да жарияланады.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты