Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 10.05.2022
АНТАРКТИДА АСТЫНАН СУДЫҢ ҮЛКЕН КӨЛЕМІ ТАБЫЛДЫ
Сан-Диего ғалымдар тобы тұщы мұз суы мен ежелгі теңіз суының қоспасымен қаныққан шөгінділердің бір шақырымдық қабатын тапты. Ғалымдардың пікірінше, жер асты суларының резервуары - Батыс Антарктидадағы мұз ағынының астында топырақта немесе тау жыныстарындағы жарықтарында орналасқан. Онда кішігірім көрші бассейндерге қарағанда, көбірек су бар. Әдетте, ғалымдар миллиметрден бірнеше метрге дейін ғана, мұз ағындарының астында судың таяз жерлерін анықтаған. Бұл жаңалық климаттың өзгеруі мен мұздықтардың еру жылдамдығын болжау үшін өте маңызды болады. Мамандар жер асты сулары басқа планеталарда да болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты