Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 11.05.2022
АҚТАУДЫҢ ТУМАСЫ АФРИКА БАЛАЛАРЫ ҮШІН АУЫЗ СУ ҚҰДЫҒЫНА АҚША ЖИНАУҒА КӨМЕКТЕСТІ
Ақтаудағы қазақ-түрік лицейінің түлегі Жәнібек Жарасұлы Ыстамбұлда оқиды. Жәнібектің айтуынша, Африкадағы балаларға көмек көрсету туралы үндеулер бүкіл қалаға ілінген. Олардың қасынан өткен сайын, қаражат жинап қол үшін беру туралы ойлады екен.
Ол бәрін мұқият зерттегеннен кейін, ақша жинауға кіріскен. Негізінен Жәнібкке достары көмектесті, солай 10 күн ішінде олар 1 100 000 жуық теңге жинаған.
Бұл соммаға Африкада ауызашар өткізіліп, 620 ауыл баласы жиналды. Олар үшін ең басты ғажайып - ауыз суы бар құдықтың ашылуы болды.
Жақсылық нәсілдер мен ұлттарға бөлінбейді. Егер біз әлемге мүлдем басқа көзбен қарайтын болсақ, біз әлбетте оны өзгерте аламыз. Ең бастысы - адамшылық ты сақтап қалу.
барлық дауыс: 5106
дауыс мұрағаты