Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 11.05.2022
ШЫМКЕНТ СУЫ ҚАЛАЙ ӨНДІРІЛЕДІ?
Шымкентке жер асты көздерінен алынған су жеткізіледі. Бүгінгі таңда таза және дәмді судың негізгі жеткізушісі – «Ақбай-Қарасу» су қабылдағышы. Құрылыс Батыс Тянь-Шань тау етегіндегі Ақсу өзенінің аңғарында орналасқан. Су жинау ғимаратының аумағы шамамен 80 гектарды алып жатыр. Суды шамамен 70 метр тереңдіктегі ұңғымалардан алады.
Ауыз суды алу өте көп энергияны қажет ететін процесс. Энергия шығынын азайту үшін, жабдықты айтарлықтай жаңарту және жаңғырту жүргізілді. Сонымен қатар, су қабылдағышта күн батареялары станциясы да бар.
Су өндіруді диспетчер-инженерлер қадағалайды. Барлық ақпарат: өндірілген судың мөлшері, сорғылардың, құбырлардың жай-күйі, қысым және басқа да деректер компьютер мониторларына шығарылады және кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметіне жіберіледі. Бұл процестер қашықтықта оңай басқарылады.
Шымкент жазғы күні шамамен 220-230 мың текше метр суды тұтынады, қысқы кезеңде тұтыну аздап төмендейді. Айта кетейік, « Ақбай-Қарасу» су қабылдағышынан басқа «Бадам-Сайрам» су қабылдағышы да қалаға су жеткізеді , ал резервте «Тассай – 1», «Тассай-2» және «Құмешбұлақ» су қабылдағыштары бар.
Алынған су диаметрі 1200 миллиметр магистральды құбырлармен қалаға айдалады, кейін ол келесі кезеңге - залалсыздандыруға түседі.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты