Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 12.05.2022
БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ҚЫРҒЫЗ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ АЙТҚАН СӨЗДЕРІНЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
25 сәуірде Қырғызстан Мемлекеттік кеден қызметінің басшысы Самат Исабеков Қазақстан елі шекарада жүк тасымалдаушыларды жібермей, экономикалық блокада қойып отырғанын мәлімдеді.
11 мамырда Жогорку Кенеш отырысында депутат Марлен Маматалиев экономикалық блокада үшін, Қазақстанға суды жабуды талап етті. Осыған ұқсас мәселені алдын депутат Айбек Алтынбеков те көтерген болатын.
Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Эрбол Сұлтанбаев депутаттардан көрші елдерге және халықаралық қатынастар мәселелеріне қатысты сын айтқан кезде абай болуды сұрады.
"Депутат сондай-ақ , саяси тұлға болып табылады. Сіздер айтқан әрбір сөз халықаралық аренада ескеріледі және реакция болуы мүмкін. Біз өзара мүдделерді ескере отырып, барлық мәселелерді келіссөздер арқылы шешеміз", - деді ол.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты