Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.05.2022
БИОРЕАКТОРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директоры, халық қалаулысы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Анарбек Орман Түркістанның тазарту ғимараттары кешенінің функционалына алаңдайды. Жаңа облыс орталығы қарқынды кеңеюде, халық саны өсуде, демек Түркістандағы тазарту құрылыстарының қуаттылығы мен жұмыс сапасын арттыру қажет.
Мәселені ықтимал шешу үшін, Анарбек Оңғарұлы Мембраналық биореакторлар базасында тазарту құрылыстарын жобалаумен және инжинирингпен айналысатын компанияның басшысы Бейбіт Сұлтанбаевты Шымкентке шақырды. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің техникалық сараптамалық кеңесіне Сұлтанбаев мырза өз кәсіпорнын таныстырып, Ағынды суларды тазарту кезінде биореакторларды пайдаланудың артықшылықтары туралы айтып берді.
Бейбіт Сұлтанбаев сондай-ақ, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС бас директорымен жеке кездесу өткізді. Тараптар Түркістандағы тазарту ғимараттары кешеніне биореакторларды пайдалану және енгізу құны мәселелерін талқылады. Қазірде, келіссөздер процесі жалғасуда.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты