Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 15.05.2022
ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің теңгерімдік тиесілілігі мәселелері бойынша даулы жағдайларды болдырмау үшін, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС мамандары қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасында су құбыры және кәріз желілерінің теңгерімдік тиесілілігін шектеу актілерін жасайды.
Ол үшін тұтынушы сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға бұрын берілген техникалық шарттарды ұсынуы қажет (көп қабатты ғимараттардың бірінші қабаттарында және бизнеске берілген жеке үй иеліктерінде орналасқан объектілерді қоспағанда).
Техникалық шарттары жоқ тұтынушылар үшін, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де техникалық құжаттаманы алудың жеңілдетілген ережелері әзірленді. Ол үшін, техникалық шарттарды алуға арналған өтінішпен, жылжымайтын мүлік меншігі құқығына egov.kz (немесе ХҚКО-дан) порталынан анықтамамен, жер учаскесіне мемлекеттік акт пен жеке куәлігінің көшірмелерімен Орманов көшесі № 17 үйдің 1-қабатындағы (119-бөлме) кәсіпорынның Жоспарлы техникалық бөліміне жүгіну қажет.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты