Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 16.05.2022
171 АУЫЛДЫ ЖЕРЛЕРДЕ АУЫЗ СУҒА ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІК ЖОҚ
2021 жылдың қорытындысы бойынша, бүгінгі күні БҚО өңіріндегі 416 ауылдың 245 ауылы сумен жабдықтауға қол жеткізді. 2022 жылы билік сумен жабдықтауды 92%-ға жетуді жоспарлап отыр. Басқа өңірлермен салыстырғанда БҚО 10-шы орында, Алматы, Атырау және Қызылорда облыстары көш бастап тұр.
32 мың тұрғыны бар 171 ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Ауылдық елді мекендерді 100% сумен қамтамасыз етуге қол жеткізу үшін, 44 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүргізу және 127 ауылда су тазалауға арналған кешенді блок-модульдер орнату қажет.
Биыл 26 сумен жабдықтау нысанының құрылысы мен қайта жаңартылуына бюджеттен қаражат бөлінді. Сумен қамтамасыз етудің 19 жобасын аяқтау жоспарлануда. Қалған бес жоба 2023 жылға қалып отыр.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты