Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 17.05.2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ 215 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Жыл соңына дейін 500-ден астам қазақстандық ауыл орталық сумен жабдықтауға қосылады. Бюджеттен осы мақсаттарға 200 миллиард теңге бағытталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәлімдеді. Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, тағы 1000 елді мекенде жергілікті бюджет есебінен арнайы кешенді блок-модульдер орнату жоспарлануда. Айта кету керек, министрлер кабинетінің алдында 2025 жылға қарай халықтың 100 пайызын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр. Үкімет басшысы Әлихан Исмаилов салалық мемлекеттік органдарға жекелеген жобалар бойынша өткен жылдардағы құрылыс мерзімі ұзаққа созылған қателіктерден аулақ болуды тапсырды.
барлық дауыс: 5078
дауыс мұрағаты