Жаңалық - Әлем жаңалықтары
новость от 18.05.2022
БҰҰ-ДА ҚАЗАҚСТАНДЫ КЛИМАТТЫҚ МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕ ҚОЛДАУҒА УӘДЕ БЕРДІ
Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі Зульфия Сүлейменова тұрақты даму мақсаттарын тиімді дамыту үшін, Қазақстандағы мониторинг жүйесі 280 индикаторды қамтитынын еске салды. Осыған байланысты азаматтық сектордың Қазақстанның "Стокгольм+50" Ұлттық консультациялары арқылы тұрақты даму моделіне жедел көшу әдістерін талқылауға қатысуы, ластануды азайту, қоршаған ортаны жақсарту бойынша үздік тәжірибелерді таратудағы маңызды қадам болып табылатындығын, сонымен қатар еліміз көгалдандыру бағытын таңдап, министрлігіміз экологиялық қызметті жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті.
"Мен Қазақстанның әлем тап болған экологиялық дағдарысты еңсеру жөніндегі күш-жігерін құптаймын. Елдің 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына бейілділігі, жаңа экологиялық кодекс және "Жасыл Қазақстан" сияқты ұлттық жобаларды және басқа да бастамаларды әзірлеу Қазақстан мен бүкіл қоғам басшылығының ең жоғары деңгейіндегі бейілділігін көрсетеді. БҰҰ командасы барлық климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша күш - жігерде Қазақстанды одан әрі қолдайтын болады", - деп уәде берді БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Нұр-Сұлтандағы "Стокгольм+50" Ұлттық сараптамалық консультациясында.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты