Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 18.05.2022
Алматы облысындағы Казцик ауылының тұрғындары бес жыл бойы таза ауыз сусыз өмір сүріп келеді. Адамдар өздері қазған ұңғымалардағы суды қолдануға мәжбүр. Мамандар судың сынамасын алып, су ішуге жарамсыз деп қорытынды жасады. Жергілікті тұрғындардың ай сайын сүзгілерді ауыстыруы қажет. Бір ай ішінде тазарту механизмі жарамсыз болып қалуда.
Жергілікті әкімдікте сумен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта, жобалық-сметалық құжаттама сараптамадан өтті. Жалпы құны 670 миллион теңге, ал ұзындығы 17,3 шақырым. Тек қаражат бөлуді күту қалады. Егер бюджет мақұлданса, 2023 жылдың соңына дейін, ауыл тұрғындарының үйлері орталық сумен жабдықтауға қосылады.
барлық дауыс: 5691
дауыс мұрағаты