Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 19.05.2022
СТРЕССПЕН КҮРЕСУГЕ ЖӘНЕ ӨНІМДІЛІКТІ ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-і қызметкерлерінің психологиялық дайындығына ерекше көңіл бөледі. "Smart Maman" оқу орталығының базасында "Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС-нің басшылары, қызметкерлері және жұмысшылары көрсетілетін қызметтердің сапасын, оның ішінде тұтынушылармен қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған психологиялық оқытудан үнемі өтіп отырады. Олардың бірі -тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, жұмыста стресске төзімділікті, оң ойлауды үйрету бойынша, дилерлік учаскелердің директорлары мен инженерлеріне арналған психологиялық семинар-тренинг болды. Бұл өткізілген тренингтің нәтижесі, жұмыс қарқынына оң әсер етуі, яғни, кәсіпорын ұсынатын қызметтердің сапасын жақсартуы тиіс.
«Бұл тренингте қатысушылар өздерінің психологиялық жағдайы туралы бәрін біліп, дағдарыстық жағдайдан шығу жолдарын белгілейді. Яғни, олар мақсаттарды анықтайды, өмірдің жаңа мағыналарын табады және оң жолға бейімделеді. Ол үшін қатысушыларға бірқатар сынақтар өткізілді, соның арқасында өзінің психологиялық жағдайын, өмір мен мансапқа деген көзқарасын оңай анықтауларына болады. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, тренингке қатысушылар өздерінің болашақ өмірлік және кәсіби стратегияларын белгілейді,» - деп, тоқтап өтті аға оқытушы, психолог және тәжірибелі маман Сандуғаш Дуанаева.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты