Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 22.05.2022
ҮКІМЕТТЕ СУ САЯСАТЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов су кеңесінің отырысын өткізді, оның барысында мемлекеттік органда сумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету функцияларын шоғырландыру мәселелері қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазіргі уақытта мемлекеттік су саясатын іске асыру түрлі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататынын атап өтті. Осылайша, азаматтарды және экономика салаларын сумен қамтамасыз етуге, сондай - ақ су ресурстарын пайдалану мен қорғауға байланысты функциялар үш түрлі министрлікке-экология, геология және табиғи ресурстар министлігіне , ауыл шаруашылығы министлігіне, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне жүктеледі.
барлық дауыс: 5532
дауыс мұрағаты