Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 22.05.2022
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰРАҚТАР ҚОЙЫҢЫЗДАР
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушылармен кері байланысқа өте мұқият қарайды. Ай сайын кәсіпорын мамандары қызмет жеткізуші мен тұтынушыға қатысты өзекті сұрақтарға жауап береді. 20 мамырда кәсіпорынның Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімінің аға маманы Дінмұхаммед Оңғар Мұхтарұлы сөз сөйледі.
Өзекті тақырыптардың бірі – инженерлік коммуникациялар мен желілер бойындағы санитариялық-қорғау (СҚЖ) жолағының бұзылуы. Тұрғын және тұрғын емес объектілерді салу кезінде СҚЖ-ның бұзылуы көбінесе сот талқылауына әкеп соғады. Кәсіпорын заңгрі мұндай жағымсыз жағдайға қалай түспеу керек және егер бұл орын алса не істеу керектігін түсіндірді.
Тікелей эфирде басқа да бірқатар өзекті мәселелер талқыланды, ал бұл жеке меншік иелері-ассенизаторлар мен кәсіпорындар тарапынан қалалық кәріз желісіне заңсыз ағызу. Бұл жағымсыз салдарға әкеліп, бірінші кезекте қала тұрғындары зардап шегуі мүмкін.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімінің аға маманы Дінмұхаммед Оңғар Мұхтарұлының сөйлеген сөзінің толық нұсқасын кәсіпорынның Facebook-тегі ресми парақшасынан көре аласыздар. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, сіз әлеуметтік желілерге және келесі whatsapp нөміріне жаза аласыздар: +77057581111.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты