Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 24.05.2022
СУ ЖЕЛІЛЕРІНДЕ ҚЫСЫМ ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ?
Миллиондаған халқы бар қаланы сапалы сумен қамтамасыз ету үшін, жоғары технологиялық жабдықтар, энергия және білікті мамандар қажет. Судың әр үйге қажетті қысым сапасымен келуі өте маңызды. Қалаға су беру, көтерудің үш кезеңінен кейін жүзеге асырылады. Бірінші кезең, су қабылдағышта жүзеге асырылады - бұл суды ұңғымалардан көтеріп, магистральдық құбырларға жіберу. Кейін, оны Шымкент қаласына дейін тасымалдау қажет, ал бұл қашықтық бірнеше ондаған шақырым. Құбыржолдар арқылы үздіксіз тасымалдауды екінші көтеру станциясы атқарады.
Шымкентте көпқабатты үйлер көп, жоғарғы қабаттардың тұрғындары қажетті қысымдағы суды алуы үшін, үшінші көтеру станциялары қолданылады. Темірлан тас жолындағы тұрғын үй кешенінде осындай станция бар.
Кәсіпорын сапалы сумен қамтамасыз ету үшін, қажетті қысымды сақтауы қажет. Проблемалар туындаған жағдайда, пайдалану қызметтері тұтынушылардың өтініштеріне жедел жауап береді.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты