Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 25.05.2022
СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕКЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ҚҰРЫЛМАЙДЫ – ПРЕМЬЕР-МИНИСТР
Су кодексінің негізгі нормалары елдің су әлеуетін сақтау үшін су ресурстарын ластанудан және сарқылудан қорғау болып айқындалады. "Жаңа кодексте су ресурстарын басқаруға, сондай - ақ гидротехникалық құрылыстарды басқаруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастарды жеке нормативтік құқықтық актіге бөлу жоспарлануда",-деп хабарлады ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында. Оның айтуынша, су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар пакеті әзірленді, оған трансшекаралық өзендер бойынша келіссөздер процесінде Қазақстанның ұстанымын күшейту, уәкілетті органның, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты және ғылыми ұйымдарының кадрлық әлеуетін арттыру мәселелері кірді, олар қазіргі уақытта Үкімет пен Президент Әкімшілігімен қаралады. "Қазіргі уақытта су ресурстарын басқару жөніндегі жеке Мемлекеттік орган құру жоспарланбайды", - деп қосты Премьер-Министр. Бұған дейін Сенат депутаттары су ресурстарын басқару жөніндегі жеке Мемлекеттік орган құруды ұсынған болатын.
барлық дауыс: 5072
дауыс мұрағаты