Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 25.05.2022
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ХҚКО БАРМАЙ-АҚ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІНДЕГІ ҚАТЕЛЕРДІ ТҮЗЕТЕ АЛАДЫ
Қазақстанда мәліметтерді түзетуге өтінім беруге болатын сервистер іске қосылады.
Үкімет жанындағы цифрландыру мәселелері жөніндегі Комиссия мемлекеттік органдарды азаматтар туралы мәліметтерді түзетуге өтінімдер қабылдайтын сервистермен жабдықтауды ұсынды.
"Азаматтар мемлекеттік деректер қорындағы қателіктерге байланысты құжаттарды түзету қажеттілігіне жиі тап болады. Ұсынысты іске асыру азаматтарға нотариусқа немесе ХҚКО – ға бармай-ақ, мемлекеттік органдарға тиісті сұраныстарды жедел жіберуге мүмкіндік береді", - деді Үкіметте.
Министрлер кабинетінің басшысы Әлихан Смайылов бұл ұсынысты қолдап, оны іске асыруды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.
Сондай-ақ, отырыста 5G ұялы байланыс стандартын енгізу талқыланды. Премьер 5G желілері үшін жиіліктерді бөлу тетіктерін қосымша пысықтауды тапсырды.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты