Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 31.05.2022
ШЫМКЕНТТІҢ ТАЗАРТУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ КЕШЕНІНДЕ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығының шешімімен 2017 жылы тазарту құрылыстары кешенінде биогаз қондырғысы салынды. Осылайша, екі стратегиялық міндет шешілді: тұнбаны тұрақтандырып, қоршаған ортаға жүктемені азайтты, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өндіруге метанды ала бастады.
Бастапқыда жылу және электр энергиясын өндіру үшін қытайлық газ поршенді генераторлар пайдаланылды. Бірақ, жақсартуларды енгізудің уақыты келді – тазарту құрылыстары кешенінде АГП-500 қондырғысы (қуаты 500 кВт/сағ болатын газ-поршеньді станция) іске қосылды.
"MAN" қозғалтқышы бар АГП-500 қондырғысы іске қосылды. Қазіргі уақытта іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын және станция пайдаланылуда. Оның Қытай қондырғысынан артықшылығы - газды аз тұтынып, энергияны көп өндіретіндігінде. Жаңа қондырғының максималды газ шығыны - сағатына 206 куб/текше метр, 450-460 кВт/сағ өндірілімімен. Қытай генераторларында бұл көрсеткіш сағатына 250 куб/ текше метр газ шығынын құрайды, 300-350 кВт/сағ өндірілімімен", - деді, ТҚК тұнбасын өңдеу цехының бастығы Игорь Гасанов
. Қытайлық генераторлар сақталады, олар кәсіпорынның стратегиялық резервінде болады.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты