Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 02.06.2022
«СУ РЕСУРСТАРЫ – МАРКЕТИНГ» ЖШС РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ.
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС референдумға дайындық үстінде. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, АМАНАТ партиясы фракция мүшесі Фахриддин Қаратаев пен алдағы РЕФЕРЕНДУМ жайлы, ондағы өзгерістер туралы «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС үлкен мәжіліс залында кездесу өтті.
Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге негіз бар. Себебі ол биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді.
Алдағы референдум – азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, сыбайлас жемқорлықпен және азаматтық қоғамға жат құбылыстармен күресіп, әділетті өмір сүруге мүмкіндік береді.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты