Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.06.2022
Экологияға қосқан үлесі үшін марапат
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Қазақстанда жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қоршаған ортаға жүктемені азайту жолдарын талқылады. Конференция Ақтау қаласында өтті, оның қатысушысы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС экологы Нұралы Төлембаев болды.
Бұл маңызды іс-шараны БҰҰ қолдауымен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырды. Қатысушыларды экологияға түсетін жүктемені азайтуға арналған жаңа технологиялық шешімдермен таныстырды. Айта кетейік, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де бұл мәселеге үлкен көңіл бөлініп отыр.
"Біздің компания – экологияға бағдарланған. Кәсіпорында жыл сайын осы саладағы ең үздік ғылыми технологиялар зерттеліп, оларды өздерінің қаржылық мүмкіндіктері шегінде өндіріске енгізеді", - деп хабарлады эколог Нұралы Төлембаев.
Айта кетейік, министр Серікқали Брекишев бірінші болып "Экология саласын үздігі" медалімен Нұралы Төлембаевты марапаттады. Бұл бүкіл кәсіпорынның еңбегі, деп есептейді "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС экологы.
барлық дауыс: 5534
дауыс мұрағаты