русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 20.06.2022

ШӘКІРТТЕР ЭКСКУРСИЯДА

          "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС әкімшілігі жоғары оқу орындарын бітірген шәкірттер арасынан кадрлар іздейді. Қазіргі уақытта, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-де өндірістік практикадан М.Әуезов атыдағы ОҚУ университеттің 3-4 курс шәкірттері өтуде. Жастар "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығында оқиды.
          Дәстүр бойынша экскурсия кәсіпорын мұражайында басталды. Мұнда студенттер Шымкенттің орталық сумен жабдықтау тарихымен танысып, пайдалану және басқа да қызметтерде қолданатын жабдықтар, техника және аспаптар туралы көп нәрсе білді. Жалпы, мұражайда жастар өздерінің білімін айтарлықтай толықтырды.
          Келесі бару пункті кәсіпорынның орталық диспетчерлік қызметі болды. Нақты уақыт режимінде студенттер ауыз судың қалалық желілер арқылы қалай жеткізілетінін, таратылатынын, өтінімдер қалай қабылданатынын және апаттық-қалпына келтіру бригадалары қалай жұмыс істейтінін көре алды.
          Студенттер сондай-ақ суды тазарту ғимаратынынада экскурсия жасады. Олар тәжірибе жүзінде сарқынды суларды тазартудың биологиялық әдістерімен танысты, және биогазды қалай алуға болатындығын, мұнда электр қуатын қалай пайдаланатынын, сарқынды суларды ауылшаруашылық жерлеріне суармалы су ретінде пайдалануға болатын минималды деңгейге дейін тазарту мүмкіндігін көрді.
          Болашақ мамандар өздерінің курстық жұмыстарының тақырыптарын тәжірибеден өткізуге мүмкіндік алды.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары