русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 28.06.2022

ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ

           Ай сайын "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС өкілдері Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап береді. Маусым айында кадрларды даярлау, кәсіпорын қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және онлайн оқыту туралы "Smart-Маман" оқу орталығының директоры Ордабай Сембиев айтып берді.
           Оқу орталығы 2019 жылы ашылды. Оқу орны қызметінің басты бағыттары: мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру; өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді даярлау болып табылады.
2019-2022 жылдар аралығында біліктілікті 622 инженер-техникалық қызметкер, 450 жұмысшы мамандықтарының өкілдері арттырды. Оқу процесіне қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жоғары білікті оқытушылары мен жаттықтырушылары тартылған.
2022 жылдың наурыз айында орталық жанынан оқу ғылыми-сынақ зертханасы ашылып, зертханалық жұмыстарды жүргізу кезінде құрал-жабдық ретінде пайдалану үшін стендтермен жарақтандырылды.
           2022 жылғы қаңтарда "Қазақстан Су Арнасы"ҚР сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығымен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Қауымдастық (зияткерлік меншіктің ортақ иесі) шартқа қол қойған кезде өтеусіз негізде оқу орталығына ENGINE жобасы шеңберінде әзірленген және өткізілген пилоттық курстардың материалдары берілді, олар оқу процесіне енгізілуде.
           "Су ресурстары колледжі" Санкт-Петербург мемлекеттік бюджеттік кәсіптік мекемесімен "авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары"мамандығын қашықтықтан оқыту бойынша шарт жасалды.
           "SMART-маман"оқу орталығында су шаруашылығы қызметкерлерін оқытуға және біліктілігін арттыруға тарту бойынша облыс және өңір әкімдеріне хаттар жолданды. 2026 жылға дейін оқытуды дамытудың перспективалық жоспары бекітілді.


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары