Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 27.07.2022
"СУ РЕСУРСТАРЫ МАРКЕТИНГ" ЖШС ЗАҢ БӨЛІМІ ХАБАРЛАЙДЫ
Магистральды су құбыры желілерінде салынған "Тассай" сауда кешені бұзылады. Бұл туралы "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС заң бөлімі хабарлады. Инженерлік су құбырлары коммуникацияларының бойындағы санитарлық-қорғау жолағын өрескел бұзу бойынша сот процестері бірнеше жылға созылды.
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС заң бөлімі "Тассай"сауда үйіне қатысты сот шешімі бойынша жұмысын бастады. Ол тікелей диаметрі 800 және 1200 миллиметр болатын су желілерінде орналасқан. Шымкент қалалық сотының қаулысы, 2022 жылы "Тассай"сауда кешенін бұзу туралы қаулы шығарылды. Аталған нысанның меншік иесінен ерікті бұзу туралы кепілдік хат алынды", - деп хабарлады кәсіпорынның заң бөлімі басшысының орынбасары Дінмұхаммед Оңғар.
Сот ісінде тағы бірнеше ұқсас істер бар. Қала тұрғындары, кәсіпкерлер санитарлық-қорғау жолағын сақтау туралы ескертулерді елемеді. Алайда бұны болдырмауға болады.
"Нысанның құрылысы басталар алдында, учаскеде су немесе кәріз желілері бар-жоғын білу үшін "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС-не тиісті өтінішпен жүгінуді ұсынамыз. Олар болған жағдайда санитарлық-қорғау жолағын сақтау керектігін". - "Су ресурстары-Маркетинг "ЖШС заңгері ұсынды.
Су құбырларында, жөндеу қызметтерінде авариялық жағдай орын алған жағдайда, су шығыны орнына жету және оны тез жою мүмкін болмайды. Сонымен қатар, үлкен диаметрлі құбырлардағы импульс тек материалдық шығынға ғана емес, адамдарға да әсер етуі мүмкін. Сондықтан нормалар мен ережелерді сақтау қажет.
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты