Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 07.08.2022
АПАТТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ
Ең қауіпті және жиі кездесетін төтенше жағдайлардың бірі - жер асты су ағуы. Оны әрдайым көзбен көру мүмкін емес. Кейбір жағдайларда, мамандар шығын өлшегіштердің көмегімен көше мен орамның жер асты құбырынан судың ағып кету немесе құбырдағы су қысымының төмендеу фактісін анықтайды. Мұны жасауға заманауи технологиялар мүмкіндік береді. Қазба жұмыстары мен мәселені дәл анықтағаннан кейін, тікелей жөндеу жұмыстары басталады.
Жөндеу жұмыстарынан кейін, гидравликалық сынақ жүргізіледі. Содан соң, қазба орнын жауып, қиыршық тас төселеді және тегістеледі. Топырақ жайланып, басылғаннан кейін, жеке бригада зақымдалған жол жабынына асфальт төсейді. Осы кезеңнен кейін, жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды деп саналады.
Айта кету керек, кәсіпорында апаттық жағдайларды жою кезінде географиялық ақпараттық жүйе қолданылады. Мәселенің сипаты, пайда болу орны туралы мәліметтер базаға енгізіледі. Бұдан әрі талдау жүргізіледі, егер апаттар жиі болса, аймақты ауыстыру туралы мәселе қойылады.
Жер асты су коммуникацияларында судың жасырын ағып кетулері мен жарылыстарды анықтау үшін, мобильді зертхана қолданылады. Олардың штатында 3 адам бар, бұл мамандардың жабдықтары мен арнайы құрылғылар жиынтығы бар, соның арқасында олар сыртқы зерттеулер жүргізіп, жарылыс орнын анықтай алады.
Әрбір орамдық магистральдық желіде есептеу құралдары, су өлшегіштер мен шығын өлшегіштер орнатылған. Олардың көрсеткіштері жеке, жалпы үйлік және жалпы көшелік есептеу құралдарының деректерімен салыстырылады. Егер айырмашылық пайда болса, демек, бір жерде судың ағып кетуі бар деп болжанады. Пайдалану қызметтері, күдікті учаскедегі құдықтарды тексереді, ағып кетуді растауды анықтайды және зерттеулер жүргізуге өтінім береді.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
40.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.5%
Жолым түскенде төлеймін
19.3%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.8%
барлық дауыс: 5074
дауыс мұрағаты